Ақылы жолдар. Жеңіл көліктер үшін тариф қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертеңнен бастап барлық ақылы жолдарда жол жүру ақысына дифференциалды тариф енгізіледі. Бұл туралы ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметі хабарлады.
«2019 жылдың 19 маусымынан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 24.12.18 ж. №902,903,904 бұйрығына, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.05.2019 ж. №331 бұйрығына сәйкес, төлем қабылдау пункттерінде өткізу қабілетін арттыру, көлік құралдарының кептелісін болдырмау, көліктердің жедел жүруін қамтамасыз ету және уақытты үнемдеу мақсатында жол жүру ақысына дифференциалды тариф енгізіледі» - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан былай жеңіл автомобильдер үшін жолақысын қолма-қол төлеу 2 есе қымбат болады. Ал, төлем жасаудың төмендегі түрлерін таңдап, алдын-ала ақшаны салып қойсаңыз дифференциалды тарифте көрсетілген соманың жартысын ғана төлейсіз. Жүк көлік құралдары үшін төлем ставкалары өзгеріссіз қалады.
Ақылы жол учаскелерінің бағасы:
• Нұр-Сұлтан- Щучинск (бір бағытта: қолма-қол төлеу – 400 теңге, алдын ала «онлайн» төлеу – 200 теңге)
• Нұр-Сұлтан-Теміртау (бір бағытта: қолма-қол төлеу – 400 теңге, алдын ала «онлайн» төлеу – 200 теңге)
• Алматы – Қапшағай (бір бағытта: қолма-қол төлеу – 200 теңге, алдын ала «онлайн» төлеу – 100 теңге)
• Алматы-Қорғас (бір бағытта: қолма-қол төлеу – 600 теңге, алдын ала «онлайн» төлеу – 300 теңге)
Төлем жасаудың түрлері:
• Payway.kz
• Интернет-банкинг: Kaspi bank, Halyk bank, Сбербанк, Eurasian Bank, Capital Bank, АТФ Банк
• Терминалдар: QIWI, Касса 24, CyberPlat, Tenge, Payway.kz
• Касса 24 электрондық әмияны, QIWI, Wooppay, Salempay
• Телефон теңгерімінен (Beeline *505#; Beeline, Activ, Kcell SMS 5505 форматындағы «жол ақы» «жол жүру» «көліктің мемлекеттік нөмірі»)
• Кazdriver Қосымшасы
• Заңды тұлғалармен шарт жасату