15 Ақпан 2024 2024, 13:50
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК
Ақылы жолдар қымбаттайды
Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев еліміздегі ақылы жолдар қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев еліміздегі ақылы жолдар қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен бірден "бірнеше есеге" көтерілмейді деп айттым. Бірқатар адам екі-үш есеге көтеруді ұсынды. Мен екі-үш есеге қымбаттамайтынын кесіп айттым. Бірақ белгілі бір пайыз қосылады. Біздің мамандар жолды күтіп-ұстауға қанша қаражат қажет екенін ескере отырып, есептеуі керек, - деді Қарабаев Сенат кулуарында.
Сонымен қоса осы мәселе наурыз айынан бастап қоғамдық талқыға салынатыны белгілі болды.
Айта кетейік, елімізде ақылы жолдар 2013 жылдан бастап салына бастады. Бүгінде жалпы ұзындығы 3 221 шақырымды құрайтын 17 ақылы учаске бар.