Ақылы жолдар 20% қымбаттайды – министр

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарабаевтың сөзінше, транзиттік ел болғандықтан жолдарды сапалы ұстап, күтуіміз керек. Жолдардың сапасын жақсарту үшін қазіргі түсім аз. Сонымен бірге министр жолды күтуде бюджетке салмақ түсірмеген абзал екенін айтады.

Сол себепті жол ақысын 20%-ға көтеріп жатырмыз. Екіншіден, 10 жылдан астам жол ақысы, яғни тариф өзгерген жоқ. Біз жиі жолда жүретіндерге айлық абонемент ұсынамыз. Жол сұранысқа ие, демек баға жолаушылар үшін арзанға түседі деген сөз. Бұл қазір қолданыстағы 2300 шақырым ақылы жолға қатысты әңгіме, - деді Марат Қарабаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Ол екінші санаттағы, яғни 4 жолақты емес 2 жолақты жолдарды ақылы етуді жоспарлап отырғанын айтады.

Алайда жол тек жүк көліктері үшін ғана ақылы болады. Оларға да абонемент әзірлеп жатырмыз. Мақсат біреу - жолды жақсы сапада ұстау керек, ал ол көлемді қаржыны талап етеді, - дейді көлік министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы