Бүгiн 2026, 12:13 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ақылы жол тарифі кімдер үшін өседі? Министрлік жауап берді

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 3 наурызда Үкіметтегі брифингте ақылы жол учаскелерінде сараланған тариф енгізудің себептері мен тетіктерін түсіндірді.

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 3 наурызда Үкіметтегі брифингте ақылы жол учаскелерінде сараланған тариф енгізудің себептері мен тетіктерін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, сараланған тариф ең алдымен шетелдік көлік құралдарына қатысты қолданылады.

Жалпы, Қазақстан жолдарымен ЕАЭО елдерінің азаматтары да, бұл ұйымға кірмейтін мемлекеттердің тұрғындары да жүреді. Қазіргі таңда олардың барлығы жергілікті тұрғындармен бірдей төлем жасайды. Сондықтан төлем көлемін ұлғайту мақсатында сараланған тариф енгізіледі, – деді Нұрлан Сауранбаев.

Сонымен қатар министр қазақстандық жүргізушілер үшін тариф мөлшері өзгермейтінін, бұрынғы деңгейде сақталатынын атап өтті.