"Ақылы семинарға мәжбүрлеу" – министр ескерту жасады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогтерді семинарларға міндеттейтіндерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз бұған дейін де бірнеше рет ескерттік. Расында ақылы семинарлар өткізуге ешқандай қажеттілік жоқ. Өйткені "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" курстарын өткізіп отыр. Оның үстіне Ұлттық білім академиясының тиісті семинарларды тегін деңгейде өткізеді. Онымен қоса әр өңірдің әдістемелік облыстық орталықтары бар. Яғни олар тегін ұйымдастыруға тиіс, - дейді Бейсембаев үкімет отырысынан соң өткен брифингте.
Министрдің сөзінше, арнайы семинарларды көбіне жергілікті тиісті білім мекемелерінің ұйымдастырады.
Нақты ондай мәселе болса, тиісті шара қолданамыз. Неге мәжбүрлеп жатыр, оның қажеттілігі қанша екенін анықтаймыз, - дейді Оқу-ағарту министрі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы