Ақылы автожолдардың сапасы күнделікті бақылауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жолдарды күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалы ақылы учаскелерді күтіп-ұстауға бағытталған жоспарлы жұмыстар жүргізеді.

Ұлттық компанияның мәліметінше, қазіргі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары елімізде ең алғаш ашылған «Нұр-Сұлтан-Щучинск» ақылы учаскесінде жүргізуде. Нұр-Сұлтан мен Бурабайды өзара байланыстартын ақылы автомобиль жолы 2009 жылы ашылды. Жалпы ұзындығы 211 шақырым учаскенің 126 шақырымында асфальт-бетон, 85 шақырымында цемент-бетон жабыны төселген. 10 жылдың ішінде цемент-бетон жабынында жарықтар, жол учаскелернің тозған жерлері де жоқ емес. Оның негізгі себептері – пайдалану мерзімінің ұзақтығы мен құбылмалы климаттың ерекшеліктері.

«Аталмыш ақауларды жою үшін пайдаланылатын әдістер мен технологиялардың «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ның ұсыныстары мен регламенттеріне сәйкес болуы қатаң бақыланады. Жол-пайдалану учаскелерінің қызметкерлері күнделікті кезекшіліктің барысында жол жабынындағы жырықтарды анықтап, оларды жою жұмыстарын жүргізеді. Жолдағы ақауларды жылдам жоюмен қатар, деформациялық жіктерді жөндеу жұмыстары да жүргізіледі. Жоспарлы алдын алу жұмыстары жол телімін ылғалдан қорғайды», - делінген хабарламада.


Деформациялық жіктер бетон плиталардың арасындағы компенсатор қызметін атқаратындықтан, олар әрдайым таза және ауа өткізбейтін болуы керек. Сол себепті, 2015 жылдан бастап деформациялық жіктерді жөндеу жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Ауа райы жылынғанда ескі нығыздағыштың демонтажы, жіктерді тазалау және герметизация жасалады.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары жол жабынының» төзімділігін арттырып, автокөліктердің қауіпсіз және жайлы қозғалысын қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы