18 Шілде 2026, 09:46 Фото: polisia.kz

«Ақылды» балмұздақ: Түркістан облысында балаларға ерекше тәтті таратылды

Ерекше балмұздақ балалардың логикасы мен ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырмалармен бірге ұсынылды

Түркістан облысында полицейлер балаларға арналған ерекше профилактикалық акция өткізді. Дәстүрлі түсіндіру жұмыстарын жүргізудің орнына тәртіп сақшылары қауіпсіздік ережелері жазылған балмұздақтарды таратты.

Балмұздақ қаптамасындағы жапсырмаларда жол қозғалысы ережелерін сақтау, суда қауіпсіз жүріп-тұру, бейтаныс адамдармен сөйлесу және төтенше жағдай кезінде әрекет ету жөніндегі кеңестер жазылған.

Сонымен қатар полицейлер балалармен жеке әңгімелесіп, көшеде, аулада және жазғы демалыс кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды.

Polisia.kz мәліметінше, акцияның басты мақсаты – балаларға қауіпсіздік талаптарын түсінікті әрі есте қаларлық тәсілмен жеткізу. Бұл күн жас қатысушылардың есінде тәтті балмұздақпен ғана емес, пайдалы кеңестермен де қалды.