Ақтөбенің бес елді мекенін су басу қаупі бар
Бұл туралы Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы Әсет Айтжанов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айтуынша, Ырғыз ауданы бойынша 5 елді мекенде: Мамыр, Нұра, Құйлыс, Жайсанбай, Белшер кенттерінде су басу қаупі бар.
Қазіргі уақытта Мамыр ауылында егу іс-шараларын өткізу кезінде ұзындығы 3 км, ені 4,5 м және биіктігі 2,5 м бөгет, Жайсанбай ауылында ұзындығы 3 км, ені 5 м және биіктігі 2,7 м бөгет салынды, Нұра ауылында ұзындығы 5 км, ені 4 м және биіктігі 3,5 м бөгет нығайтылды, Құйлыс ауылында ұзындығы 2,5 км, ені 4 м және биіктігі 3,5 м бөгет, Белшер ауылында ұзындығы 1,5 км, ені 3,5 м және биіктігі 3 м бөгет тұрғызылды, жұмыстар жалғасуда, - деді ведомство өкілі.
Айта кетерлігі, Мұғалжар, Қобда, Темір, Ойыл, Әйтеке би, Ырғыз аудандарында және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы 7 табиғи сипаттағы ТЖ жарияланған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әскери қызметшілер Петропавлдағы бөгеттерді күшейтуді қолға алды
Өзгелердің жаңалығы