Ақтөбенің Әйтеке би ауданында екі ауылдан 149 адам алдын ала эвакуацияланды

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Щербаков бөгеті шлюзінің үстінде жарықтар пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД күшімен Талдысай ауылындағы және Жүргенов ауылындағы 45 жеке тұрғын үйден 149 адам алдын ала эвакуацияланды.

21-40-та бөгет бұзылып, Жүргенев ауылының шетіндегі Ырғыз өзеніне су ағыла бастады. ЖАО күшімен тұрғындарды осы ауылдардан эвакуациялау басталды. 251 адам эвакуацияланды, оның ішінде 87 бала және 320 ірі қара, 340 ұсақ мал, 606 құс бар, – деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы