Ақтөбені тағы түтін басты

Ақтөбеде қоқыс полигоны түнде өртене бастады. Қазір ол бықсып, қаланы түтін басты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полигондағы өрт 25 тамыз күні тіркелген.

Сөндіру жұмыстарына өрт сөндіру бөлімдерінен 40 өрт сөндіруші барды. Сонымен бірге «Батыс Ақтөбе» ЖШС-нен жұмысшылар болды. 20 бірлік техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда бықсыған қоқысты құммен жабу жұмыстары атқарылып жатыр, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Биыл маусым айының басында да қоқыс полигоны өртеніп, қаланы көк түтін басқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы