Ақтөбелік құтқарушылар ресейліктерді құтқарды
Ақтөбелік құтқарушылар ресейліктерді балшықты тұтқыннан шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, жаңбыр топырақты шайып, нәтижесінде жеңіл машина балшықта кептеліп қалып, өздігінен шыға алмаған.
ТЖМ құтқарушыларының күшімен автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйреліп, жақын елді мекенге дейін ауыр техникамен сүйемелденді. Құтқарылған 4 адам, оның ішінде 2 бала - Ресей Федерациясының азаматтары., - деп атап өтті ведомстводан.
Ресейліктер қазақстандық құтқарушыларға өз алғысын білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк жаңа монеталарды айналымға шығарды
Өзгелердің жаңалығы