Ақтөбелік полицейлер трансформаторлар ұрлығын ашты

Полиция жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, құрылыс нысандарының аумағынан электр қуатының тоғыз трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келтірілген шығын көлемі 15 млн теңгеден асады.

Күдіктілер трансформаторларды манипуляторға тиеп алып кеткен. Көп ұзамай Қарағанды қаласына жеткізіп, көрші елдің азаматтарына сатып жіберген.

Тоғыз трансформатор тиелген жүк көлігін жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасымен шекаралас жерде тоқтатты. Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы