Ақтөбелік полицейлер шіркеуге түскен ұрыны ұстады

Ақтөбелік полицейлер шіркеуде жасалған ұрлықты тәулік ішінде ашты, деп хабарлады BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін 3 тамыз күні сағат 15:00 шамасында Мәметова көшесіндегі Әулие-Николай соборының шіркеуіне белгісіз адамдар кіріп, қайырымдылық қорабын сындырып, 20 мың теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткені туралы хабарланған еді.

Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, аумақты тексерді және куәгерлерден жауап алды.

Тәртіп сақшылары шіркеуде орнатылған бейнекамералардың көмегімен тәулік ішінде күдіктінің жеке басын анықтап, Мұғалжар ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сондай-ақ ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы