22 Қыркүйек 2023 2023, 09:23
Фото: ТЖМ
Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен 25 адамды құтқарды
Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен 25 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен 25 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21 қыркүйек күні сағат 14:09-да Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы 101 пультіне хабарлама түсті.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында авто саты көмегімен 13 адамның, оның ішінде 4 баланың өмірі құтқарылды.
Баспалдақ маршы арқылы 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 2 бала. Өрт сағат 14:16-де жойылды.