Ақтөбелік кәсіпкерге залалды өтеу сомасы мақұлданды
Ақтөбелік кәсіпкерге залалды өтеу сомасы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Мәселен, облыс орталығында орналасқан «СанТехТрейд» ЖШС су тасқыны кезінде зардап шекті.
Кәсіпкердің дүкені, мейрамханасы, жазғы кафесі және өндірістік цехы бар. Табиғи апатта бұл нысандар орналасқан аумақты су басқан. Содан жертөле мен ғимараттың бірінші қабаты суға толып кетіпті.
Қарғын судан жапа шеккен шағын және орта бизнес өкілдеріне материалдық залалды өтеу бойынша құрылған аймақтық комиссия бизнес иесіне 58 млн теңгеден астам өтемақы сомасы мақұлдады.
Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан 76 кәсіпкер зардап шекті. Жалпы 16 өтінім қаралды, оның 11-і 167 млн теңге сомасына залалды өтеуге мақұлданды.
Естеріңізге сала кетейік, өтемақы тағайындауға өтініштер 2024 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында қайықтағы адамдар құтқарылды
Келесі жаңалық
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
Өзгелердің жаңалығы