21 Қараша 2024 2024, 07:48
Фото: Көлік министрлігі
Ақтөбеден Атырауға күн сайын ұшақ қатынайтын болды
Ақтөбеден Атырауға күн сайын ұшақ қатынайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Ақтөбеден Атырауға күн сайын ұшақ қатынайтын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, QAZAR AIR әуекомпаниясы 1 желтоқсаннан бастап Ақтөбеден Атырауға күнделікті тұрақты рейстерді келесі кесте бойынша орындайды.
Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері:
IQ 395 Ақтөбе (17:50) – Атырау (19:10)
IQ 396 Атырау (19:50) – Ақтөбе (21:10)
Сейсенбі, бейсенбі сенбі және жексенбі күндері:
IQ 395 Ақтөбе (09:10) – Атырау (10:40)
IQ 396 Атырау (14:50) – Ақтөбе (15:50)
Әуебилеттің құны бір бағытқа 13 000 теңгеден басталады.