18 Желтоқсан 2022 2022, 13:05

Ақтөбедегі жол апаты: Зардап шеккендердің бесеуі – жан сақтау бөлімінде

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Телеграмдағы парақасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Телеграм каналында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәл қазіргі уақыттағы балалардың жағдайы туралы хабарлауды жөн көрдім. Зардап шеккендердің бесеуі – жан сақтау бөлімінде. Барлығы тұрақты ауыр жағдайда. 

Үш баланың халі орташа, олар хирургиялық бөлім палатасында ем алады. 

Балаларға медициналық көмек тәулік бойы көрсетілуде, бақылауға алынған. Аурухана барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. 

Ата-аналарға балаларды емдеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беріледі. Бүгін олар реанимациялық және хирургиялық бөлімшелерге жіберілді, - деп жазды облыс әкімі.