Ақтөбедегі жантүршігерлік жол апатынан екі бала қаза болды

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, 21 маусым сағат 8:15 шамасында Қобда ауылы маңында "Самара-Шымкент" автожолының 631-шақырымында шетелдіктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. 

Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, автокөлікті аударып алған. Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала оқиға орнында қайтыс болды. 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы