28 Қаңтар 2026, 13:10 Фото: видеодан алынған кадр

Ақтөбедегі жанармай құю бекетінде өрт шықты

Ақтөбе қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінің аумағында «ГАЗель» автокөлігі өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінің аумағында «ГАЗель» автокөлігі өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Жібек жолы тұрғын алабында (Заречный-3) болған. Жедел қызметтердің мәліметінше, көліктен шыққан от газ колонкасына тез арада тараған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел-құтқару жасағының және апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел түрде жіберілді. Барлығы 15 арнайы техникамен 46 адам жұмылдырылды. Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, жанармай құю бекетіндегі 6 бензин және 2 газ колонкасына оттың өтуіне тосқауыл қойды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ТЖД.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.