Ақтөбедегі ұшақ апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бұл туралы ҚР ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
9 қарашада Ақтөбе облысындағы аэродром аумағында оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қонып, артынша отын бактары өртенген.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлады ҚР ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 бірлік техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті жойды. МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді.
Оқиға туралы ақпарат нақтылануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы