+16

Ақтөбедегі Қойбағар су айдынында балық қырылды

Ақтөбедегі Қойбағар су айдынында балық қырылды

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қойбағар су айдынында балық қырылды. Жалпы салмағы 70 келі болатын сазан, шортанның қырылу себебі зертханалық тексеруден соң анықталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының хабарлауынша, полиция, ветеринария қызметі мен Аманкөл ауылдық округі әкімдігінің өкілдері бүгін Құтикөл ауылындағы Қойбағар су айдынына барды.

Қойбағар су айдынының өзекшесінде жалпы салмағы 70 келі болатын сазан, шортан балық анықталды. Ветеринарлық қызметі су және өлген балық сынамаларын алып, зертханалық тексеруге жіберілді. Жиналған балықтың өлексесін ветеринария қызметкерлерімен арнайы залалсыздандыру орнына апарды. Балық өлімінің нақты себебі зертханалық тексерулерден кейін белгілі болады. Қойбағар көлі уақытша су айдыны болып табылады. Себебі кей жылдары толығымен кеуіп кетеді. Ақтөбе қаласынан шамамен 460 келі және Құтикөл ауылынан 8 км қашықтықта орналасқан. Су айдының аумағы шамамен 30 гектар болады. Орташа тереңдігі – 1,8 метр, мұз қалындығы 35 см. Жергілікті балық шаруашылығына маңызы бар су айдындары тізбесінде жоқ, – деп хабарлады Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы