Бүгiн 2026, 07:07
Фото: pixabay
Ақтөбедегі өрт: 6 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Бүгін 101 пультіне Ақтөбе қаласы Сәңкібай Батыр даңғылында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жеткен. Келген сәтте көпқабатты үйді қатты түтін басқаны анықталған.
Құтқарушылар екінші қабаттағы пәтерде 5 шаршы метр аумақта жанған үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды жедел түрде сөндірді.
Баспалдақ пен автосатының көмегімен өрт сөндірушілер 6 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Сонымен қатар 72 тұрғын өздігінен сыртқа эвакуацияланған.
Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр, – деп жазылған ТЖМ мәліметінде.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.