2 Шілде 2024 2024, 04:20 Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбедегі коммуналдық мекемелер жылу беру маусымына дайындалып жатыр

Ақтөбедегі коммуналдық мекемелер жылу беру маусымына дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақтөбедегі коммуналдық мекемелер жылу беру маусымына дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Асхат Шахаров Есет батыр тұрғын алабындағы"Ақтөбе Сити-2" қазандығының құрылыс алаңында болды.

Мердігер ұйым – "Қазтеплоэнергомонтаж" серіктестігі. Жоба бойынша құрылысы 2018 жылы басталған қазандық тұрғын алаптағы 1, 2 және 3 шағын аудандардағы 90 тұрғын үйді, сондай-ақ мектептер мен балабақшаларды, спорт кешендерін жылу және ыстық сумен қамтып отыр. Қазіргі таңда мұнда 6 қазандық пен 4 қазандық сорғысы толығымен орнатылған. 

Мамандар "ДУ-500" коллекторларын жылу алмастырғыш құбырмен қамтамасыз етуде. Қазір бір қазандық жұмыс істеп тұр, қалғандары — резервте. Бүгінде қазандық пайдалануға беру туралы келісімшарттың бұзылуына байланысты қала балансына өткен.

Облыс басшысы құрылыс-монтаж жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.