Ақтөбедегі Елек өзені арқылы өтетін көпір ашылды
Ақтөбеде «Оңтүстік айналма жол» автожолында Елек өзені арқылы өтетін көпірдің көптен күткен ашылуы өтті. Жол 17 шілдеде күрделі жөндеуге жабылған еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов атқарылған жұмыстарды қарап шықты.
24 күн ішінде көпірде асфальтбетон жабындысын фрезерлеу, деформациялық тігістердегі ақауларды жою, гидрооқшаулау және қорғаныс қабатын орнату, асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілді.
Бас мердігер «Казкомсервис» компаниясы құрылыс жұмыстары мен материалдарына 5 жылдан аса мерзімге кепілдік беріп отыр.
Айта кетейік, халықтың наразылығын тудырған көпірде 2022 жылы өңір басшысының тапсырмасымен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сол кезде облыс әкімі шұңқырларды жөндеу тек уақытша шешім екенін атап өтіп, 2023 жылдың жаз мезгілінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырған-ды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық шаруалар 3 млн га астық жинады
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы