Ақтөбедегі 14 жастағы қыздың босануы: Министрлік түсініктеме берді
Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбе облысындағы 14 жастағы қыздың босануына байланысты резонансты оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбе облысындағы 14 жастағы қыздың босануына байланысты резонансты оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл жағдайда жоспарлы профилактикалық тексеру жүргізілмеген, ал жалғыз скрининг биылғы жылдың наурыз айының басында өткен.
Биыл наурыз айының басында скрининг өткізілді. Бұл — едәуір ұзақ уақыт аралығы. Ол кезде қыздың жүктілік мерзімі өте ерте болған. Мұны байқау қиын, әсіресе скрининг кезінде бізде акушер-гинеколог болмайды. Онда офтальмолог, ЛОР-дәрігер сияқты мамандар ғана болады. Сондықтан оны ешкім анықтай алмаған. Ата-анасы да, туыстары да, мұғалімдері де білмеген, — деді Сұлтанғазиев.
Ол сондай-ақ баладан ешқандай шағым түспегенін және үш рет тексеру жүргізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
Бір рет — наурыз айының басында скрининг. Болды, - деді ол.
Медициналық қызметкерлердің жауапкершілігі туралы сұраққа Сұлтанғазиев: "Неге жазалау керек?" — деп жауап берді.
Айта кетейік, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тоғызыншы сыныпта оқитын қыз бала мектепте босанып қала жаздаған. Оны зорлады деген күдікпен алпыс жатсағы ер адам ұсталған еді.
Сондай-ақ, ана атанған 9-сынып оқушысына қатысты жаңа деректер пайда болғанын хабарладық.