Бүгiн 2026, 16:50 Фото: видеодан скриншот

Ақтөбеде жүргізушілер жол ортасында төбелесті

Жүргізушілерге не жетпей қалды? Жол үстінде болған жанжал.

Әлеуметтік желіде Ақтөбе қаласында жол үстінде болған жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Белгілі болғандай, көлік жүргізушілері арасында келіспеушілік туындаған.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жүргізушілер арасындағы жол үстіндегі жанжал түсірілген бейнежазба анықталды. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері дереу тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысушылардың жеке тұлғалары анықталып, олар полиция бөліміне жеткізілді. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

 Еске салайық, бұған дейін жүргізушілер жол үстіндегі жанжалдасып, Шымкентте жаппай төбелес болған еді.