3 Желтоқсан 2024 2024, 21:27 Фото: -архив

Ақтөбеде жұмысшыларға 8,5 млн теңгеден астам жалақы өтелді

Ақтөбе облысы Темір ауданы прокуратурасымен «Шұбарқұдық жылу» КМК-да 87 жұмысшыларға 8,5 млн теңгеден астам жалақы төленбегенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысы Темір ауданы прокуратурасымен «Шұбарқұдық жылу» КМК-да 87 жұмысшыларға 8,5 млн теңгеден астам жалақы төленбегенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокуратураның қадағалау актісімен еңбек инспекциясы «Шұбарқұдық жылу» КМК-ын ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, берешекті міндетті түрде өтеу туралы ұйғарым шығарды.

Нәтижесінде көрсетілген берешектер толығымен өтелді.

Азаматтардың конституциялық және еңбек құқықтарын қорғау, Ақтөбе облысы прокуратурасының бақылауында.