Ақтөбеде жолаушылар автобусы жетіспейді

Ақтөбеде қала ішінде жолаушылар тасымалдайтын автобус жеткіліксіз, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.

Күнделікті жолға шығатын 270 көлік аздық етіп отыр. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, тағы да шамамен 85 автобус қажет. Сондықтан тасымалдаушы мекемелер биыл 145 жаңа автобус сатып алуы тиіс. Бірінші кезекте көлемді көліктерге сұраныс артқан. Әсіресе жаңа шағын аудан тұрғындары ескі автобустардың қолайсыз екендігін айтып, жиі шағымданады. 

Қазір облыс орталығының қоғамдық көлігі ақы төлеудің электрондық жүйесін қолданады. Қолма-қол ақшаға билет құны 150 теңге болса, QR немесе карта арқылы – 80 теңге. Тасымалдаушы компаниялар бұл әдістің тиімділігіне көзі жеткен. 

Дифференциалды тариф жүйесі компаниямыздың табысының артуына септігін тигізді. Бізде жол ақысын қабылдау қызметі тәуелсіз үшінші тарапқа жүктелген. Сондықтан жолаушылар саны мен түскен қаражатты кез келген уақытта бақылап отыруға болады. Барлық қаржы операциялары ашық атқарылады. Табысымыз бен шығысымыз еш бүкпесіз көрінеді, - деді тасымалдаушы компания директоры Садыржан Әшімов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы