Ақтөбеде жол апатынан екі жүргізуші қайтыс болды
Қайғылы оқиға Жаңажол-Сарыкөл автожолында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
7 сәуір күні Lada Priora автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі Жаңажол-Сарыкөл автожолымен (Сарыкөл ауылынан 4 км қашықтықта) жүріп келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, 68 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Renault Daster автокөлігімен соқтығысты.
ЖКО салдарынан Lada жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Екінші көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан Кеңқияқ ауылы ауруханасының қабылдау бөлімінде көз жұмды.
Lada-да болған бір жолаушы мен Duster көлігіндегі үш жолаушы, арасында екі кәмелетке толмаған бала Кеңқияқ ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттарына тоқталды
Келесі жаңалық
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы