Ақтөбеде жол апатынан 5 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде жеңіл мен жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан ерлі-зайыптылар үш баласы ауруханаға түсті.

Оқиға Самара-Шымкент тасжолының Ырғыз ауданы Құмтоғай ауылы маңында болған.

«Мersedes AMG» автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан «Мersedes AMG» автокөлігінің жүргізушісі, әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы (2020, 2014, 2012 жылы туған) түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті шаршаған жүргізуші жолдағы қауіптің көзі екенін еске салады, – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы