Ақтөбеде жоғалып кеткен адам аман-есен табылды
Ақтөбеде ТЖМ құтқарушылары іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Ақтөбе облысының құтқару қызметіне Шалқар ауданы шаруа қожалығының жұмысшысы Қауылжыр ауылына жаяу шығып, жол таппай адасып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Іздестіру жұмыстары оң нәтиже беріп аталған 1986 жылғы ер азамат Шалқар қаласынан 47 шақырым жерде аман-есен табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады, - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары және кинологпен "Сальма" атты құтқару иті, ПД қызметкерлері, ЖАО мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы