Ақтөбеде жеңіл автокөлік өртенді

Ақтөбе облысында өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Алматы ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінің ауласында жеңіл автокөліктің өртенуі орын алды. ТЖМ күштері шақырылған сәттен бастап 18 минут ішінде өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы