4 Қараша 2026, 21:18
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Ақтөбеде жеңіл автокөлік өртенді
Зардап шеккендер жоқ.
Ақтөбе қаласының Алматы ауданында, Қурайлы тұрғын алабы маңындағы ашық аумақта жеңіл автокөлік өртенді.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндіріп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі автокөліктің техникалық жағдайын, соның ішінде газ баллон жабдығының жарамдылығын үнемі тексеріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды.