Кеше 2026, 21:10
Фото: diapazon.kz
Ақтөбеде жекеменшік үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты
Өңірлік ТЖД мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, оқыс оқиғаға табиғи газдың шығуы себеп болған.
Ақтөбеде Түрксіб көшесінде жарылыс болып, жекеменшік үй қирады. Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылғанын "Диапазон" басылымы хабарлады.
Өңірлік ТЖД мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, оқыс оқиғаға табиғи газдың шығуы себеп болған.
Оқиға орнынан қаза тапқан әйел адам табылды. Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, үйінділер тексеріліп жатыр. Сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Оқиға салдарын жою жұмыстарына құтқарушылар, апаттар медицинасы орталығы және кинологиялық топ жұмылдырылған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері де жұмыс істеуде.
Үй маңы қоршауға алынып, ғимараттың толықтай қирағаны хабарланды. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың дүмпуі көршілес көшелерде де сезілген.