25 Шілде 2025 2025, 04:18
Фото: polisia.kz
Ақтөбеде жедел жәрдемге жол бермегендер жазаланып жатыр
Ақтөбе облысында жедел жәрдем көліктеріне жол бермеген жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда
Ақтөбе облысында жедел жәрдем көліктеріне жол бермеген жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері өңірде жарық және дыбыс сигналдарын қосып келе жатқан жедел жәрдем көліктеріне жол бермеген 6 жүргізушіге айыппұл салынған.
Соңғы оқиға 23 шілдеде тіркелді: Toyota Prado жүргізушісі арнайы шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермей, қозғалысты қиындатқан. Жол ережесін бұзғанын патрульдік полиция тіркеп, тиісті шара қолданған.
Әр минут маңызды. Уақтылы әрекет етпеу – адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін, - деді патрульдік полиция батальонының инспекторы Балтабек Қанатұлы.
Полиция арнайы көліктерге жол берудің адам өмірін сақтап қалуға көмектесетінін еске салып, барлық жүргізушілерді жолда жауапкершілік танытуға шақырды.