Ақтөбеде жаттықтырушы мен балалар мінген көлік жол апатына ұшырады

Ақтөбеде жаттықтырушы мен балалар мінген көлік жол апатына ұшырады. Бұл туралы BAQ.KZ Рolisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68 км. Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған «Toyota Estima» автокөлігі аударылды. 

Автокөлік ішінде 11 адам, оның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болды. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін шыққан. Апат салдарынан бір бала жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды, қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. 

Құрметті азаматтар! Индустрия және инфрасқұрылымдық даму министрлігінің «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығына сәйкес балаларды тасымалдау кезінде полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруі үшін белгіленген мерзімге дейін 3 тәулік бұрын сұраныс ұсынылуы қажет, - деді Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Айдос Құлжанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы