Ақтөбеде жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Ақтөбеде жүргізуші оқушыны автокөлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбеде жүргізуші оқушыны автокөлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14 сәуір сағат 22:40 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында Ваз-2114 автокөлігі бағдаршамның тыйым салу сигналына жолды өтіп, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ЖКО болған жерден қашып кетті.
Салдарынан 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын жұргізу барысында автокөлікті Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан әйнегі, бампері, капоты зақымданған күйінде тапты. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Сондай-ақ көлік жүргізушісі анықталды, ол жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жас жігіт болып шықты, - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.
ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жұргізілуде. Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырлуы мүмкін.