Ақтөбеде жас педагогтердің форумы өтті

Ақтөбе қаласында “Жас ұстаз: табысқа апарар жол” тақырыбында облыстық форум өтті, деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Аталған форумды Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырды. Оған облыстың жетекші мектептерінен 130-дан астам педогог қатысты. Жас ұстаздар форум барысында тақырыптық және шығармашылық алаңдарда шеберлік класстарға, оқыту, психологиялық тренингтерден өтіп, практикалық құнды ақпарат алды.

Форумда TeDX-тің бірінші спикері «Ақбөбек» халықаралық мектебінің құрылтайшысы, Ақтөбе облысы бойынша іскери әйелдер аймақтық кеңесінің төрайымы Күопаршвн Айдарханова өз тәжірибесімен бөлісіп, облыстың жас ұстаздарын жұмысқа ынталандыратын мысалдар айтыр берді. 

 Мені күнде ойландыратын нәрсе неге кейбір мұғалімдер сабақта бар ынтасымен біліи бермейді? Ұстаздар оқыту, тәрбие, баламен қарым-қатынас орнату процесстерінен қапы қалмауы керек, себебі білім жүйесіне бейжай қарауға болмайды, – деді ол.

Ал Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары Нұржан Мақсатов өзінің өмірлік оқытушыларын тілге тиек етіп, ұстаздарды ұлықтау керектігін жеткізді. Ол жастарға осы кезден мықты қырларын анықтап, оларды дамытуға басымдық беріп, дарындылық пен қабілеттерді анықтауға арналған Gallup тестін өтуді ұсынды.

Ақтөбедегі Педагогикалық Шеберлік Орталығының директоры Тауиля Акимова тамыз айында тұңғыш рет өткен Елордадағы Жастар форумы туралы айтып, аталған шаралардың мұғалімдердің жаңа буынын тәрбиелеп, оларды кәсіби өсіруге, жақсы маман ретінде қалыптасуына ықпалы зор екендігін баяндады.

Шарада Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері оқыту мәселелерін талқылау бойынша «Сабақ конструкторы: жинаймыз және қолданамыз», «Функционалдық сауатсыздық: олқылықты қалай толтырамыз», «Инсайт: жанама тәжірибеден өзіндік әрекетке» және «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану» тақырыптары бойынша басқосулар өткізді.

Форумның практикалық бөлімінде «RICH алгоритмі сабақта» атты ПЕдагогикалвқ шеберлік орталығының филиалы директорының шеберлік сабағы өтті. Сонымен қатар жас мамандар «Метафоралық ассоциативті карталар арқылы ішкі ресурсты пайдалану», «Қызықты сабақ: жас маман ізденісі», «Cыныпты басқарудағы тәжірибе», «JOYTEKA платформасы – оқушыны белсендіру құралы», «Оқушылар мотивациясын арттыратын лайфхактар» және басқа да тақырыптар бойынша шебер-кластарға қатысты.

Жаңа буын мұғалімдері сабақ жүргізген тренерлер оларды ыстық ықыласпен қарсы алып, табысқа жеткізген оқу құралдарымен, техникалармен, лайфхактарымен бөліскенін атап өтті.

Тренинг, шеберлік сабақтар жүргізген әр мұғалімнен жылу сезіліп тұрды. 130 адамды өздеріне қарата алған мықты психологтарға таң қалдым. Бүгінгі бір күнім бірнеше жылға азық болатындай ақпаратқа толықты, – деді Шалқар қаласындағы №4 орта мектептен келген Айсәуле Бекетова.

Жас мамандар педагогтің тұлғалық және кәсіби дамуы мен проблеманы шешу қабілетін шыңдау мақсатында хореография, нейрографика және шебер қолдар бөлімдері бойынша Active Spot креативтілік алаңына шақырылды.

Кездесудің жабылу салтанатында форум барометрі көрсетіліп, кері байланыс алынды. Жас педагогтер форум барысында практикалық құндылығы жоғары ақпараттар алып, мұғалімнің ұстанымын, құндылықтары мен көзқарастарына қайта шолу жасағанын мойындады

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы