14 Қаңтар 2024 2024, 03:35
Фото: diapazon.kz
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы қайтыс болды
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы мүшелері түгелдей қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы мүшелері түгелдей қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Ақтөбе-Астрахань тас жолының 205 шақырымында орын алған. Төрт автокөлік бір-біріне соғылған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Mitsubishi" автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен.
Бұл бір отбасының мүшелері – әкесі, анасы мен ұлы болатын, - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің өкілі.