Ақтөбеде және Ақтөбедегі 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай Ақтөбе қаласы мен 6 ауданда жарияланды. Бұл туралы ОКҚ алаңында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев мәлімдеді.

Су тасқыны салдарынан облыста 1053 тұрғын үй, 46 ғимарат пен құрылыс, 232 аула және 689 саяжай үйлері зақымданған.

Жол учаскелерінің суға толып, шайылып кетуі нәтижесінде 13 елді мекенмен жол қатынасы үзілген. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қорғаныс министрілігінің инженерлік қызметімен Алматы облысынан жеткізілген уақытша понтон-көпір паркі Ойыл өзенінде орнатылды. Қазіргі таңда 27 елді мекенде 695 абонент тұрақты жарықсыз қалып отыр. Олардың 500-і тоқ беретін генератормен уақытша қамтылды, – деді Асылбек Есенбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы