Ақтөбеде жаңа спорт кешені ашылды
Ақтөбеде жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Грек-рим, еркін және әйелдер күресіне арналған нысан енді жас балуандардың жаңа жеңістеріне жол ашпақ.
Құрал-жабдықтар жақсы дамыған осында. Барлық мүмкіндіктер бар. Астыда да мына жаттықтырушыларға әсіресе жағдай жасалған. Жалпы айтқанда осы орталық күресті дамытуға жақсы өңірімізге септік беретіні сөзсіз, – деді облыс әкімі Асхат Шахаров.
Замануи зал спортшылардың ғана емес, бапкерлердің де сапалы жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Ендігі міндет-осы мүмкіндіктерді қалт жібермей, ел намысын қорғайтын чемпиондар тәрбиелеу.
Кешен құрылысы 2023 жылы басталған. Жалпы аумағы 2 мың 234 шаршы метр. 1000 балаға шақталған ғимарат бір уақытта 200 спортшыны қабылдай алады. Бірнеше жаттығу залы, спорттық құрал-жабдықтар мен спортшылардың дайындалуына қажетті инфрақұрылым бар. Енді жас палуандар халықаралық талапқа сай жағдайда шынығып, шеберліктерін шыңдай алады.Жаңа спорт кешені-тек заманауи ғимарат емес, бұл- жас спортшылардың үлкен арманға бастар жолы.