Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбеде қала мен өңірдің қауіпсіздігін жақсартудағы маңызды қадам болған, көптен күткен жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды.
Салтанатты рәсім аясында жаңа пәтерлер мен заманауи техниканың кілттері табысталды. Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров және азаматтық қорғау ардагерлері қатысты.
ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов жаңа өрт сөндіру бөлімі қала мен оған іргелес аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ қызмет қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсартуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
«Осы игі іске атсалысқан барлық адамдарға алғысымды білдіремін. Биыл еліміздің түрлі өңірлерінде 9 заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды, қазір бұл тізімде Ақтөбе де бар. Қызметтік жатақханалар да салынуда. Әкімдік біздің қызметімізді қолдайтынын көріп отырмыз. Бүгін біз қызметкерлерге пәтер кілттерін табыс еттік. Бұл мен үшін үлкен қуаныш», - деп ТЖ министрі атап өтті. Ол министрлік құтқару қызметтерінің инфрақұрылымын жаңартуға, соның ішінде қауіпсіздік пен жарақтандырудың заманауи стандарттарына сәйкес келетін объектілерді салуға бағытталған жаңа бастамаларды белсенді түрде енгізіп жатқанын айтты.
Ақтөбедегі жаңа өрт сөндіру бөлімі 1,5 гектар жерді алып жатқан учаскеде орналасқан, онда негізгі екі қабатты ғимарат пен 6 қызметтік пәтерге арналған жатақхана бар. Депо ғимараты өрт сөндірушілердің тиімді жұмыс істеуі үшін озық техникадан бастап заманауи жабдыққа дейін барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Ғимараттың ауданы 1612 шарты метрді құрайды, ал гараж 7 өрт сөндіру техникасына арналған.
Әкімшілік ғимаратта диспетчерлік бөлмелер, қызметкерлер бөлмелері, демалыс және тамақтану бөлмелері бар. Ангар алаңы аязға және көктайғаққа төзімді автоматты қақпалармен жабдықталған, сондай-ақ арнайы техниканы жууға арналған жеке аймағы бар. Сонымен қатар депо аумағында балалар мен спорт алаңын және көшені жарықтандыру жүйесін қоса алғанда, қызметкерлердің жайлы тұруы үшін жағдайлар жасалған.
«Біз құтқарушыларымыз үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын түсінеміз. Бұл олардың жұмыс жағдайларын жақсартып қана қоймай, өңірдің жалпы қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді», — деп Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров атап өтті.
Жоба жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды, жергілікті биліктің қолдауы жаңа нысанның құрылысында маңызды рөл атқарды.
Жаңа өрт сөндіру бөлімі Ақтөбе қаласының да, оған іргелес елді мекендердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында 25 өрт сөндіру бөлімшесі бар, олар 181 бірлік өрт сөндіру автотехникасымен жарақталған.
Ақтөбедегі жаңа өрт сөндіру бөлімі-бұл өрт қауіпсіздігін нығайтудағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар өңірдің жедел ден қоюды және құтқару қызметтерін жоғары дәрежелі жарақтандыруды талап ететін заманауи сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге дайындығының көрсеткіші.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Ақтөбе облысы ТЖД-нің 20 қызметкерге тұрғын үй берілді. ТЖ министрі мен өңір басшысы қоныс иелерінің үйлеріне барды.