Ақтөбеде үстіне қоқыс контейнері құлаған әйел қаза болды

Ақтөбеде 1 қаңтарда "102" телефонына "103" операторынан Сәңкібай батыр даңғылындағы үйдің ауласында адамға қоқыс жәшігі құлағаны туралы хабарлама келіп түсті,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел-тергеу тобы контейнерді тиеу кезінде КамАЗ көлігінің көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері ЖШС-нің 38 жастағы қоқыс жинау қызметкеріне құлағанын анықтады. 

Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарынан қаланың Көпсалалы облыстық ауруханасында қайтыс болды. 

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігімен "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz.
Өзгелердің жаңалығы