Ақтөбеде үш зейнеткерді алдап соққан 18 жастағы жігіт ұсталды

2023 жылы 15-16 мамырда Ақтөбе аумағында 83, 87 және 90 жастағы үш зейнеткерді алаяқ жас жігіт алдап соққан. Алаяқ оларға жақын туысының жол-апатына түскенін, сондықтан осы мәселені шешуге жәрдемдесе алатын-алмайтындарын сұрап, қоңырау шалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салдарынан егде жастағы жәбірленушілер барлық жиған ақшасынан айырылған. Жалпы шығын көлемі 5 млн теңгеден асады.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында Ақтау қаласының 18 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-тармағы, 3-бөлігі – «Ірі мөлшерде, екі және одан да көп адамға қатысты алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары қолға алынды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілуге жатпайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы