Ақтөбеде үш бірдей жол қызметкері апатқа ұшырады
Қайғылы оқиға Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек аулының маңында болған. Lada Granta автокөлігі асфальт катогімен соқтығысқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz мәліметінше, 18 қыркүйек сағат 23:30 шамасында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек аулының маңында Ақтөбе-Астрахань автожолының жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жабық учаскесінде жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды.
39 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жабық учаскесіне шығып, сол жерде тұрған асфальт катогімен соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Қаза тапқандардың барлығы осы учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ел астанасында семсерлесуден республикалық турнир өтеді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы