Ақтөбеде ТЖМ құтқарушылары бірнеше авариялық-құтқару жұмыстарын атқарды

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында ауа райының нашарлауына байланысты қар құрсауында қалған бірнеше көлікті шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар және ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметкерлері республикалық маңызы бар “Самара-Шымкент” және “Хромтау-Бадамша” тас жолынан 2 жүк көлігін, 1 жеңіл көлікті тазартылған учаскелік жолға сүйреп шығарды, - деп жазылған ТЖМ мәліметінде.

Көліктегі жолаушылар жылыту пункттеріне эвакуацияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы