Ақтөбеде тұрғын үйдің ауласында тұрған көлік өртенді

Өрт сөндірушілер Ақтөбе облысындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін таң ата Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында гаражда автокөліктің жануы орын алып, кейін от шатырға таралды. ТЖМ күшімен өрт 60 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы