Ақтөбеде ТҚКС жарылып, бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде техникалық қызмет көрсету орталығында жарылыс болды.

Бүгін сағат 04:11-де кезекші қызмет пультіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Смағұлова  № 15 мекенжайы бойынша «Альтаир» ехникалық қызмет көрсету орталығы жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу Ақтөбе қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жіберілді, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келгенде «Альтаир» техникалық қызмет көрсету станциясында газ-ауа қоспасының жарылғаны анықталды, салдарынан 600 ш.м. алаңға ғимарат құлап, ТҚКС ішінде және жанында тұрған 11 автомобилб зақымданған.

Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс автомобильдің газ-баллон жабдығынан шыққан газ-ауа қоспасының жиналуы салдарынан болған. ТЖ орнында Ақтөбе облысы ТЖД 136 адам және 16 техника,  сондай-ақ ЖАО 2 техникасы жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.

Оқиға болған сәттен бастап жоғалған күзетшіні, 1954 жылы туған азаматты іздестіру бойынша іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

ТЖМ мәліметіне сәйкес жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде үйіндінің астынан күзетшінің денесі табылды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы