26 Қазан 2026, 23:26
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Ақтөбеде TikTok-та балағат сөздер айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды
Полиция өкілдері әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерде де қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтау қажеттігін ескертті.
Ақтөбе қаласында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткен 42 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтаған. Сот шешімімен оған 5 тәулік әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.
Полиция өкілдері әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерде де қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтау қажеттігін ескертті. Тікелей эфир жүргізу заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.