Танысудан бас тартқан: Ақтөбеде бойжеткенге қол көтерген 20 жастағы жігіт сотталды
Сот үкімімен ол 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Ақтөбеде түнгі клуб маңында орын алған жанжалға қатысты 20 жастағы ер адам бұзақылық жасағаны үшін сотталды.
«Диапазон» басылымының жазуынша, оқиға орталық даңғыл бойындағы түнгі клубтың жанында түнгі уақытта болған. Мас күйдегі жас жігіт кіреберіс маңында тұрған екі қызға жақындап, олардың біреуімен танысқысы келген. Қыздар бас тартқаннан кейін ол олардың біріне дөрекі түрде тиіскен.
Сот материалдарына сәйкес, ол қыздың қолынан ұстап, кейін бетіне екі рет соққы жасаған. Екінші соққыдан соң жәбірленуші тепе-теңдігін жоғалтып, қоршаудан құлап түскен.
Оқиға орнында клуб қызметкерлері полиция шақырған. Тергеу барысында сот айыпталушының әрекетін бұзақылық деп таныды.
Айыпталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрағанымен, сот оның әрекетін дәлелденген деп тапты.
Жәбірленуші соттан қатаң жаза сұраған.
Сот үкімімен ол 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Егер белгіленген талаптарды бұзса, жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Сондай-ақ сот оны жәбірленушіге 500 мың теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.